«АНАМ КІМГЕ КЕРЕК?» (Өмірде болған оқиға) Екі жастың үйлену тойы. Тойханада келін мен күйеу бақыттан бал-бұл жайнап отырған сәттері. Ортада күйеу баланың анасы қуаныштан ағайын-туысқандарымен бірге биге түсіп, абыр-сабыр болып жүр еді. Анасы бұл күні өте бақытты. Себебі, өмірің мәні, жалғыз ұлы үйленіп, шаңырақ көтеріп жатыр. Таныс біліс, ағайын-туыс барлығы да ортадағы күйеу баланың анасын қуанышты күнімен құтықтап жатыр. Барлық адам көнілді, әрі екі жасқа қызыға да, қызғана да қарап жүр. Біраз уақыттан соң келін бала күйеуіне: – «Жаным, анаңа бір ауыз айтып қойшы, билей бермей бір жерде тыныш отырсыншы. Көрген достарым не дейді, үстімнен күлмейді ма ертең? Отыра алмаса, басқа жерге жұмсап жіберейік абыройды босқа төккізбей», – деп сыбырлады. Күйеу бала күлді да, ештеңе айтпастан ортаға шықты. Жиналған адам күйеуді ортаға шыққанына анасын құтықтайды екен деп ойлады. Бірақ күйеу бала бірден ән қойылып жатқан әншілердің қасына барды. Айтылып жатқан әнді тоқтатып, қолына үнтаяқты (микрофон) алып: – «Анам кімге керек?», – деп тойға жиылған қауымға сұрақ қойды. Сол тойда болған ағайын-туыс, дос-жаран барлығы үндеместен, еш қайсысы күйеу баланың мына сұрағына түсінбей дабдырап қалды. Күйеу бала тағы да: – «Анам кімге керек?», – деп қайталады. Ешкімде үн жоқ. Көпшілік адам күйеу баланың бұл сұрағына ашулы еді. Іштей «ее бұл бала үйленіп жалғыз анасын керек қылмайын деді ғой», – деген ойға барды. Ал келін бала іштей: «Бұл әлден менің айтқанымды қылуда, ертең бұны басқару қиын емес екен ғой», – деп қуанып, сүйсініп отыр. Ана байғұс ұлының бұл сұрағына жүрегі қатты қиналып тұр еді. Жанарында тынбай жас ағып тұрды... Көзіндегі жасын тоқтата алмай, еш нәрсе айта алмай ұлына қарап тұрды. Күйеу бала түсінбей отырған көпшілікке қарап: – «Анам маған керек!», – деп айқайлады. Қолындағы неке жүзігін шешіп, келінге қарап лақтырып жіберді де келінге: – «Саған талақ бердім», – деп айтты да анасының қолынан ұстап тойханадан әкетпекші болды. Келіннің жақындары, туысқандары не болғанын түсінбей күйеу баланы тоқтатпақшы болды. Бірақ күйеу бала тоқтай қоймады. Қыздың әкесі күйеу баласын тоқтатып, не болғанын түсіндіріп беруін талап етті. Күйеу бала болған жағдайды түсіндіріп берді. Қыздың әкесі күйеу баласын қатты құшақтап: – «Шіркін, сендей ұл тәрбиелеген анаңа мың алғыс. Сендей күйеу балам болғанда еш арманым болмас еді. Бірақ мендей қызына тәрбие бере алмаған әкені кешір», – деп жігітке ризашылығын білдіріп, шығарып салды. Ойланып қарайық, Сенін анаң мына әлемде жалғыз. Ал қыз мыңдап табылады. Ананың қадіріне жете білейік, бауырлар!

Теги:

Теги других блогов: